Еуропа Ресейден дизель отынын импорттауды арттырды
(last modified Wed, 03 Aug 2022 14:08:42 GMT )
Там 03, 2022 20:08 Asia/Almaty
  • Еуропа Ресейден дизель отынын импорттауды арттырды

Еуроодақ Ресейдің қуат көздеріне тәуелділікті азайтуға талпынып жатқанына қарамастан, статистика Еуропа елдерінің ресейлік дизель отынын импорттауды арттырғанын көрсетеді.

"Бизнес Инсайдер" сайтының хабарлауынша, Еуропа Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына реакция ретінде осы елдің сұйық отынынан  құтылуға талпынса да, өткен айда Ресейден дизель отынын импорттау көлемі 13 пайызға артты. 2022 жылдың басында Еуроодақ осы жылдың соңына дейін Ресейдің шикі мұнайын импорттауды 90 пайызға азайтуға міндет алды. Бірақ сол кезден бері басқа жерден өте жоғары бағаға сұйық отын сатып алуға мәжбүр болды.  

Financial Times газеті осыдан бұрынырақ хабарлауынша, инфляцияның өсуі мен қуат көздерінің тапшылығынан туындаған қиыншылықтар Еуроодақты Ресейге қатысты қатаң ұстанымынан бас тартуға мәжбүрледі.