Шетелдік сақтандыру компаниялары Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
Сәу 25, 2016 21:50 Asia/Almaty
Иранның орталық сақтандыру компаниясының халықаралық істер бойынша орынбасары шетелдік сақтандыру компанияларының Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін хабарлады.
Иранның орталық сақтандыру компаниясының халықаралық істер бойынша орынбасары Мина Седиқ Ноухи: "Ең ірі шетелдік сауда- саттықты сақтандыру компаниялары Иранға кіру үшін өтініш жасап отыр. Ірі компаниялар арасынан германиялық Munich Re компаниясына сілтеме жасауға болады. Осы компания «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарпламасы күшіне енгізілген соң ресми түрде Иранмен ынтымақтастық жасауға әзір екендігін мәлімдеді" деді.
Тегтер