Раиси: Сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұру осы режимнің құлдырауын тездетеді
(last modified Sat, 06 Aug 2022 10:11:44 GMT )
Там 06, 2022 16:11 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұру осы режимнің құлдырауын тездетеді

ИИР Президенті сионистік режимнің кеше Газа секторына жасаған шабуылдарын айыптап: «Сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұру осы режимнің құлдырауын тездететіні күмәнсіз»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сенбі күні хазірет Аба Абдулла Хұсейін (ғ.) мен оның серіктерінің шәһид болған күніне байланысты көңіл айтып: «Сионистік режим кеше Газа секторына шабуыл жасау арқылы тағы да әлемге өзінің басқыншы агрессор мінезін көрсетті. Бірақ Газа халқының қарсыласуы бала өлтіргіш режимнің құлауын жылдамдатады»,-деді.

Иран Президенті АҚШ пен сионистік режимнің Ауғанстандағы арандатушы жалдамалыларының қастандығына тоқталып: «Ауғанстанда имам Хұсейнді(ғ.) аза тұту рәсімін жермен-жексен еткен адамдар – қазіргі заманғы язидтер. Олар мұсылмандар арасына іріткі салуды көздейді. Ауғанстанды басқарып отырған кеңес осы қылмыскерлерді анықтап, бүкіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек»,-деді.