Түркия үкіметі шетелдік содырлармен байланыста
Ресей Президенті: «Түркия үкіметі шетелдік содырлар және қылмыскерлермен байланыста»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Ресейдің Волга аймағында Марий Эл республикасының астанасы Йошкар-Ола қаласында «Ресейдің халықтық майданы» атты қозғалыстағы өзінің жақтастарымен кездесуде: «Түркия үкіметі осы күнге дейін басқа елдерден ағылып келіп жатқан содырлар мен қылмыскерлерді ауыздықтай алмады, өйткені Анкараның өзі осы содырлармен байланыста»,-деді.
Ол, сондай-ақ, Ресей мен Түркия арасындағы текетіреске тоқталып: «Ресейдің мұндай жағдайдың қалыптасуында еш кінәсі жоқ. Ресейдің Түркиямен қарым-қатынасы өткен жылы қараша айында Түркия армиясы Сирияның көгіндегі Ресейдің қырғи ұшағына шабуыл жасап, оны құлатып, ұшқыштар қаза тапқаннан кейін шиеленісе түсті»,-деп мәлімдеді.
Осы оқиғаның салдарынан Ресей биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Түркияға қарсы сауда, туризм және оқу-білім салалары бойынша санкция салды.