Ислам ынтымақтастық ойындарында Иранның таэквондошылары 13 жүлде алды
Иранның таэквондошылары Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын, күміс пен қоладан 13 жүлде алды.
V Ислам ынтымақтастық ойындарына 15 таэквондошымен қатысқан Иран жарыс соңында түрлі түсті 13 жүлде алды.
Әйелдер арасында -53 кг салмақта Нахид Киани алтын алса, -49 кг салмақта Ғазал Солтани, -62 кг салмақта Наргес Мирнуруллахи, -67 кг салмақта Зейнеп Исмаили мен +73 кг салмақта Акрам Хұдабанде күміс жүлде алып, -57 кг салмақта Настаран Вализаде қола жүлде алды.
Ерлер арасында -58 кг салмақта Хұсейн Лотфи, -74 кг салмақта Амир Мұхаммед Бахши, -87 кг салмақта Әли Ахмади және +87 кг салмақта Әлиреза Надалиан төрт алтын жүлде алды.
V Ислам ынтымақтастық ойындары 9 тамызда Түркияның Кония қаласында басталып, 18 тамызға дейін жалғасады.