Ислам ынтымақтастық ойындарында Иранның таэквондошылары 13 жүлде алды
https://itolqyn.com/news/world-i63196
Иранның таэквондошылары Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын, күміс пен қоладан 13 жүлде алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 13, 2022 16:48 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ойындарында Иранның таэквондошылары 13 жүлде алды

Иранның таэквондошылары Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын, күміс пен қоладан 13 жүлде алды.

V Ислам ынтымақтастық ойындарына 15 таэквондошымен қатысқан Иран жарыс соңында түрлі түсті 13 жүлде алды.

Әйелдер арасында -53 кг салмақта Нахид Киани  алтын алса, -49 кг салмақта Ғазал Солтани, -62 кг салмақта Наргес Мирнуруллахи, -67 кг салмақта Зейнеп Исмаили мен +73 кг салмақта Акрам  Хұдабанде күміс жүлде алып, -57 кг салмақта Настаран Вализаде қола жүлде алды.

Ерлер арасында -58 кг салмақта Хұсейн Лотфи, -74 кг салмақта Амир Мұхаммед Бахши, -87 кг салмақта Әли Ахмади және +87 кг салмақта Әлиреза Надалиан төрт алтын жүлде алды.

V Ислам ынтымақтастық ойындары 9 тамызда Түркияның Кония қаласында басталып, 18 тамызға дейін жалғасады.