Там 13, 2022 17:00 Asia/Almaty
  • Ресей мен Түркия өзара сауда айналымынан долларды алып тастайды

Ресей мен Түркия өзара сауда айналымынан долларды алып тастауға келісті.

Ресей мен Түркия әлемнің кейбір елдері, соның ішінде Қытайдан кейін халықаралық сауда айналымында доллардың орнына ұлттық валюталарды пайдалануды көздеп отыр.

Түркияның Энергетика министрі: "Екі елдің сауда қатынасын тереңдету және доллардың әлемдік нарыққа үстемдігіне қарсы күресу үшін Анкара мен Мәскеу экспорттық газдың құнын екі елдің ұлттық валюталарымен төлеуге келісті",-деп мәлімдеді.

АҚШ бастаған Батыс елдері 24 ақпанда Украинада соғыс басталғалы бері Ресейді оқшаулап, бұл елде экономикалық дағдарыс тудыруға бар күшін салып келеді.

Тегтер