Там 18, 2022 15:48 Asia/Almaty
  • Иран Кабул мешітінде болған лаңкестік әрекетті айыптады

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Ауғанстан астанасы Кабулдағы бір мешітте болған жарылысты айыптады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи бейсенбі күні Кабулдағы мешітте болған жарылыстан қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтып, бұл лаңкестік әрекетті айыптады.

Кеше Кабулдың Хейрхана ауданындағы Седдиқие мешітінде болған жарылыс салдарынан 30 адам қаза тауып, 40 адам жараланды.

Ауғанстанда Талибан уақытша үкіметі билік басына келгелі бері елде ондаған лаңкестік шабуыл мен жарылыс болды. Олардың көбіне жауапкершілікті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды. 

Тегтер