Иран Жоғары сот төрағасының бірінші орынбасары Қазақстан Жоғары сотының төрағасымен кездесті
(last modified Thu, 18 Aug 2022 14:25:12 GMT )
Там 18, 2022 20:25 Asia/Almaty
  • Иран Жоғары сот төрағасының бірінші орынбасары Қазақстан Жоғары сотының төрағасымен кездесті

Иран Жоғары сот төрағасының бірінші орынбасары Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары сот төрағаларының отырысы аясында Қазақстан Жоғары сотының төрағасымен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Жоғары сот төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммед Моссадықтың  Қазақстан Жоғары сотының төрағасымен кездесуінде екі елдің саяси-экономикалық қарым-қатынасының жақсы екені мойындалып, екі ел басшыларының өзара ресми сапарлары ескеріліп, Иран мен Қазақстанның сот саласында әлеуетін пайдалану керегі қуатталды.  

Екі ел арасында қол қойылған  келісімдерді нығайту, өзара тәжірибе алмасу, білім беру курстарын ашу, сот органдарында инновацияларды пайдалану және өзара қарым-қатынасты одан ары дамыту үшін кедергілерді жоюға барынша талпыну – осының барлығы қос тарап талқылаған тақырыптар болды.  

Мұхаммед Моссадық: "Иран мен Қазақстан арасындағы жақсы саяси-экономикалық қатынас сот және құқық саласында әріптестікпен нығая түссе, екі ел үшін де құнды нәтиже беретіні сөзсіз",-деді.

Тегтер