Там 19, 2022 18:23 Asia/Almaty
  • Футболдан әлем чемпионатына орай Катарда Иранның 6 көрмесі өтеді

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрлігінің баспасөз өкілі: "Футбол-2022 әлем чемпионатымен бір мезгілде Катар астанасы Дохада Иран тауарларын таныстыратын 5 көрме және бір кілем мен қолөнер бұйымдары көрмесі өтеді",-деді.

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрлігінің баспасөз өкілі Умид Қалибаф: "Азық-түлік, кілем мен қолөнер бұйымдары, жиһаз бен аспашамдар, декоративтік және құрылыс материалдары, исламдық киім-кешектер шығаратын және қонақ үйлер мен кетринг, инженерлік-техникалық қызмет көрсететін компаниялар Иранның сауданы дамыту ұйымының рұқсатымен, Иранның халықаралық көрмелер компаниясының ұйымдастыруымен және Дохадағы Иран елшілігінің сауда-экономикалық  істер жөніндегі кеңесші және сауда орталығының әріптестігімен аталған бес көрмеге қатысады",-деді.

Қалибаф: "Катарда әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде Иранның Мәдени мұра және туризм министрлігі кілем және қолөнер бұйымдары көрмесін өткізеді деп жоспарланып отыр",-деді.

Тегтер