Патрушев: Қазақстан мен Өзбекстанда болған оқиғалар Батыстың ықпалымен орын алды
(last modified Sun, 21 Aug 2022 10:47:07 GMT )
Там 21, 2022 16:47 Asia/Almaty
  • Патрушев: Қазақстан мен Өзбекстанда болған оқиғалар Батыстың ықпалымен орын алды

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: "Қазақстанда қаңтар айында болған жəне Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында болған оқиғалар - Батыс елдерінің ісі. Олар түрлі түсті революциялар жасауға талпынды",-деді.

Николай Патрушев бұл мəселені Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он жетінші отырысында айтты.

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: "Түрлі түсті революция əлі күнге дейін америкалық стильдегі демократияны таратудың басты құралы болып отыр. Батыс елдері біздің елдерімізде осындай революциялар жасауға жүйелі түрде талпынып жатқанын көруге болады",-деді.

Тегтер