Иранның бас шахматшысы мықты үнді қарсыласын жеңді
Там 21, 2022 21:56 Asia/Almaty
Ирандық шахматшы әлем чемпионаттарында жарқырап жүрген мықты үнді қарсыласын жеңді.
Түркияда шахмат турнирі 13 команданың қатысумен өтіп жатыр.
Турнир Анкарада 16 тамызда басталып, 27 тамызға дейін жалғасады.
Осы турнирге қатысып жатқан Иранның бас шахматшысы Пархам Мақсудлу бесінші ойында үнді шахматшысы Гукешпен бақ сынасып, оны жеңді.
16 жасар үнді шахматшысының рейтингі 2699 болатын. Ал Мақсудлу осы сайысқа 2701 ұпаймен қатысты.
Тегтер