Канани: Вашингтоннан ешқандай жауап алған жоқпыз
https://itolqyn.com/news/world-i63400
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Вена келіссөздері туралы: "Осы уақытқа дейін АҚШ Еуроодақ үйлестірушісінің ұсыныстары туралы Иранға жауап берген жоқ",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 22, 2022 18:24 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Вена келіссөздері туралы: "Осы уақытқа дейін АҚШ Еуроодақ үйлестірушісінің ұсыныстары туралы Иранға жауап берген жоқ",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Вена келіссөздері туралы: "Біз әлі келіссөз жолындамыз. Әзірге егжей-тегжейді қабылдап, келесі кезеңге өтпейміз. Америкалық тараптың жауабын алған кезде ғана келіссөздердің нәтижелі болғаны туралы сөз қозғай аламыз",-деді.  

Канани: "Иран өзінің қызыл сызықтарынан өтпейді және тиімді, мықты әрі тұрақты келісім жасалуын қалайды",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Теһран үкіметінің қажы Қасым Солейманиге қарсы жасалған террор ісін қарастырып жатқанын айтып: "Осы террорды жасағандардан кек алу мәселесі ұмытылмайды. Бұл мәселенің санкцияларды жою туралы келіссөздерге еш қатысы жоқ",-деді.