Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты мүшесі болуға тағы бір қадам жақындады
(last modified Tue, 23 Aug 2022 10:35:54 GMT )
Там 23, 2022 16:35 Asia/Almaty
  • Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты мүшесі болуға тағы бір қадам жақындады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуына қажетті міндеттемелер туралы меморандумның алғынұсқасына қол қойды.

Осы құжаттың алғынұсқасында: "Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында бекітілген барлық халықаралық құжаттар мен хаттамаларға берік болуға міндеттеледі",-делінген.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы алдымен қауіпсіздік мақсатында құрылып, кейіннен экономика саласына ойысты. Ол әлемдегі ең ірі әрі әсерлі халықаралық ұйымдардың бірі саналады. Оның құрамында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кіретін 2 ел мен 4 ядролық держава бар.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытайдың Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тарапынан құрылды.

2017 жылы 8-9 маусымда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда өткен саммитте Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ның тұрақты мүшесі болып қабылданды. Иран да осы ұйымға қосылу үдерісінен өтіп жатыр.