Иран мен Қытайдың соңғы 7 айдағы сауда айналымы 10 млрд долларға жетті
(last modified Tue, 23 Aug 2022 11:20:22 GMT )
Там 23, 2022 17:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытайдың соңғы 7 айдағы сауда айналымы 10 млрд долларға жетті

Иран мен Қытайдың соңғы 7 айдағы сауда айналымы өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда 22 пайызға артып, 10 млрд долларға жетті.

Қытайдың кеден басқармасы сейсенбі: "Иран мен Қытайдың соңғы 7 айдағы сауда айналымы 9 млрд 670 млн долларды құрады",-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, Қытайдың Ираннан импорты 2022 жылдың 7 айында 4 млрд 470 млн долларға жетті, бұл көрсеткіш  өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда 23 пайыз өсімді көрсетеді.

Қытай 2021 жылы 1 қаңтардан шілденің аяғына дейін 3 млрд 630 млн долларға Ираннан тауар  импортаған болатын.