Ресей Ираннан 40 тонна ауыр су сатып алуға мүдделік танытты
https://itolqyn.com/news/world-i6343-Ресей_Ираннан_40_тонна_ауыр_су_сатып_алуға_мүдделік_танытты
Ресей СІМ Мәскеу Иран ислам республикасынан 40 тонна ауыр су сатып алу мәселесін қарастырады деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 26, 2016 19:34 Asia/Almaty
  • Ресей Ираннан 40 тонна ауыр су сатып алуға мүдделік танытты

Ресей СІМ Мәскеу Иран ислам республикасынан 40 тонна ауыр су сатып алу мәселесін қарастырады деп мәлімдеді.

«РИА Новости» ақпарат агенттігі дүйсенбі күні Ресей СІМ-не сілтеме жасап: "Мәскеу Ираннан 40 тонна ауыр су сатып алу мәселесін қарастырады" деп мәлімдеді. Иран мен «алтылық» елдері арасындағы былтыр жасалған ядролық келісім бойынша Теһран өзінің ауыр су қорының бір бөлігін сатады.

Бұған дейін Америка да Ираннан 32 тонна ауыр су сатып алу жөнінде Иранмен келіскенін хабарлаған болатын.