Там 26, 2022 23:12 Asia/Almaty
  • Путин Ресей Қарулы күштерін көбейтуге бұйрық берді

Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні осы елдің Қарулы күштеріне 137 мың əскери қызметкер қосу жайлы бұйрыққа қол қойды.

Осынша сарбаз қосылғаннан кейін Ресей Қарулы күштерінің жалпы саны  1 млн 150 мың адамға жетеді.

Путиннің бұл жарлығы Ресей қазір Украинада əскери амалдар жүргізіп жатқан шақта шығарылды.

Батыс елдері, əсіресе АҚШ Украинаға үсті-үстіне көмек беріп жатқандықтан, Украина соғысы ұзаққа созылып кетті. Батыс елдерінің əскери барлау басшыларының уəждеріне сəйкес, Ресей армиясының адами шығыны тіпті Кеңес одағының 20 ғасырдың 80-жылдары Ауғанстанға шабуылы кезіндегі адам шығынынан асып кетті. Ресей армиясына өз персоналынан айырылған бөлімшелерін қайта жасақтау қажет болып тұр. Сол себепті Путин Ресей Қарулы күштерін көбейту туралы бұйрыққа қол қойды.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осы елдің Украинаға басып кіру себебін түсіндіре келіп, Донбасс халқына шынайы қауіп төнгеніне жəне болашақта Ресейге қатер төнетініне тоқталып: "Минск келісімін орындағысы келмеген Киев Донбасс тұрғындары үшін шынайы қатер болып отыр, ал болашақта Ресей федерациясы үшін қауіп тудырады. Сондықтан Украинада арнайы əскери операция жүргізу керек болды",-деді.

Алайда арнайы əскери операция Мəскеу жоспарлаған қысқа мерзімде аяқталмады. Ресей армиясы басында Украинада шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс жəне солтүстік тараптан айтарлықтай ілгеріледі. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ адам жəне əскери құралдар шығыны көп болғандықтан солтүстіктен Украина астанасы Киевке шабуылды тоқтатып, назарын осы елдің шығысындағы басқа майдандарға аударды. Сөйтіп Донецк жəне Луганск облыстарын толық басып алуды көздеді.

Украина армиясы Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың үсті-үстіне əскери көмек беруінің арқасында əлі күнге дейін Ресей армиясына төтеп беріп келеді. Іс жүзінде Украина арқылы Ресеймен гибридтік соғыс жүргізіп жатқан АҚШ Ресей армиясын адам жəне əскери құрал-жабдықтар тұрғысынан көбірек шығынға ұшыратып, əлсірету үшін Украинада соғыс басталғаннан алты ай өтсе де, əскери көмек көлемін азайтқан жоқ, керісінше арагідік жаңа əскери көмек туралы жариялап қояды. 

Тегтер