БҰҰ Ливияда қақтығыстардың тоқтатылуын талап етті
БҰҰ Бас хатшысы: "Ливиядағы қақтығысушы тараптарды осы елді саяси тығырықтан шығару үшін шынайы диалог өткізуге шақырды",-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жексенбі күні таңертең: "Ливияны саяси тығырықтан шығарып, дағдарысты шешу мақсатында араағайын болуға дайынбыз",-деді.
Ливия Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні кешке Триполидегі қақтығыстарда қаза болғандардың саны артқанын хабарлап: "Қақтығыста қаза болғандар саны 23 адамға жетіп, 140 адам жараланды",-деді.
Абдель Хамид Дбейба мен Фатхи Пашага үкіметтері арасындағы саяси қайшылықтар салдарынан туындаған қарулы қақтығыстарға байланысты соңғы күндері Ливияның астанасы Триполи қаласында әскери күштер орналастырылып жатыр.