ШЫҰ-ға мүше елдердің АҚШ-пен əріптестік жасауының қатері жайлы ескерілді
(last modified Sun, 28 Aug 2022 12:01:44 GMT )
Там 28, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • ШЫҰ-ға мүше елдердің АҚШ-пен əріптестік жасауының қатері жайлы ескерілді

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше кейбір елдердегі өзінің əріптестеріне АҚШ-пен ортақ əскери жаттығу өткізудің қауіп-қатерлері жайлы ескертті.

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысында: "Вашингтон Ауғанстанға көршілес елдерде уақытша инфрақұрылым жасау үшін келісімге келу мақсатында өз талпыныстарын жалғастырып жатыр",-деді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше кейбір елдер, соның ішінде Тəжікстанның соңғы əрекеттері көрсеткендей, аймақтағы кейбір елдер Ресей, Иран жəне Қытаймен əріптестік жасаумен қоса, АҚШ бастаған Батыс елдерімен ынтымақтастық жасауды күн тәртібіне қойып отыр. Осы арада мұндай елдердің АҚШ-пен əскери əріптестігі оларды жойылуға əкеліп соқтыруы əбден мүмкін. Өйткені Ауғанстанға көршілес Тəжікстан сияқты елдердің ортақ шекараларының бір бөлігінде тынышсыздық туындауы мүмкін, Ауғанстанның солтүстігіндегі тынышсыздықтар Орта Азия елдеріне таралуы ықтимал.

Бұған қарамастан, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон үкіметі жуырда елде "Ашық есік" саясатын жүзеге асыруды күн тәртібіне қойды. Сол себепті Душанбе үкіметі əлем елдері, соның ішінде АҚШ жəне Еуроодақпен əскери салада əріптестік жасауға талпынады. АҚШ бастаған Батыс елдерімен жақындасуды көздейтін саясатты орындау Душанбе үкіметі үшін қиыншылық тудыруы мүмкін.

Осыған қатысты ресейлік сарапшы Андрей Кортунов АҚШ-тың Тəжікстандағы əскери жаттығуына тоқталып: "Аймақтық əріптестік-22" əскери жаттығуына қатысқан елдердің барлығы өз мүдделерін қорғайтыны сөзсіз. АҚШ-тың Орта Азияда əскери жаттығу өткізудегі мақсат-мүддесі айқын. Америкалықтар бір жыл бұрын өз күштерін Ауғанстаннан шығарды. Бұл мəселе АҚШ-тың аймақтағы позициясына қатты əсер етті. Енді ол аймақта өз орнын қайта нығайтуды қажет етеді",-деді.

Шын мәнінде АҚШ Орта Азияға өз күштерін орналастыру үшін көбірек талпыныс жасауды күн тәртібіне қойып отыр. Өйткені АҚШ Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін аймақ елдері мен халықтар тарапынан масқараланды. Мұнымен қоса, əлем елдерінің көбі АҚШ-тың əрекетін қатаң айыптады. Қалай болғанда, айта кету керек, Ресей басшылары Орта Азия елдерінің АҚШ-пен əсіресе əскери салада əріптесуіне қатысты бірінші рет ескертіп отырған жоқ.