Қырғызстанда ТМД ұйымы аясындағы Жастар ассамблеясының алғашқы отырысы өтті
(last modified Mon, 29 Aug 2022 10:42:52 GMT )
Там 29, 2022 16:42 Asia/Almaty
  • Қырғызстанда ТМД ұйымы аясындағы Жастар ассамблеясының алғашқы отырысы өтті

ТМД ұйымы аясындағы Жастар ассамблеясының алғашқы отырысы Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында осы елдің Премьер-министрі Ақылбек Жапаровтың қатысуымен өтті.

Осы отырысты өткізудегі мақсат Еуразия экономикалық одағы мен ТМД-ға мүше елдер жастарының әрекеттестігін арттыру, жастардың жобаларын орындау үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру, жас буынның қоғамдық және кәсіби сана-сезімін жоғарылату болды.