Иран Сыртқы істер министрінің Ресейге сапарына шолу
(last modified Thu, 01 Sep 2022 15:33:20 GMT )
Қыр 01, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің Ресейге сапарына шолу

Иран Сыртқы істер министрі Теһран-Мәскеу қарым-қатынасының дұрыс бағытта екенін айтып, өзара байланысты әртүрлі салаларда одан ары дамыту үшін ортақ талпыныстарды жалғастырып, нығайту керегін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде екі елдің сауда әріптестігінің дамып жатқанына ризашылық білдіріп, осы саладағы әріптестікті жеңілдету және қиыншылықтар мен кедергілерді жоюды екі ел арасындағы сауда айналымының көлемін арттыруға жағдай жасайтын фактор деп атады.

Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы мен ынтымақтастық тарихы ұзақ болғанымен, соңғы жылдарда болған аймақтық және халықаралық өзгерістер екі елдің түрлі саяси-экономикалық салаларда бір-біріне жақындай түсуіне себеп болды. Осы негізде екі ел басшыларының екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелердің ауқымды спекторын қамтитын кеңестері үздіксіз жалғасуда.    

Иран мен Ресей АҚШ-тың әлемде өзіне ұнамды бірполюстік жүйе құру талпыныстарына қатаң қарсылық білдіріп отыр. Екі ел АҚШ-тың Батыс Азиядағы базаларын жабу, ДАИШ пен терроризм қатеріне қарсы күресу және әскери ынтымақтастық жасау мәселелерінде ортақ мүдделерге ие.  Соңғы айларда Украинадағы соғысқа байланысты Батыс елдерінің Ресейге санкция салуы, Иран мен Ресейдің ұқсас жағдайға тап болуы, санкциялардың әсерін залалсыздандыруға тырысу – осының барлығы екі елді бір-біріне жақындата түсетін себептердің қатарына жатады.   

Иран мен Ресей ұзақ мерзімге арналған жан-жақты келісім дайындап жатыр. Оның алғынұсқасы әзір. Қос тарап оны қорытындылау жұмыстарымен айналысып жатыр. SWIFT-тен тыс қаржы операциялар жүйесін пайдалану, доллардың орнына басқа валюталарды қолдану – бұлар да Иран мен Ресейдің санкцияларды залалсыздандыру үшін ұсынған жобаларының бірі саналады. Жуырда Иран Орталық банкінің валюталық нарығында риал-рубль жұбы саудаға салына бастады. Бұл Иран мен Ресей сауда қатынасын дамытуда маңызды үлеске ие болады.  

Иран мен Ресей арасында транзитті дамыту және Солтүстік-Оңтүстік дәлізін іске қосу да екі елдің маңызды жобалары саналады. Бұл үшін Решт-Астара темір жолын іске қосу керек. Решт-Астара темір жолы Әзірбайжан республикасының темір жолына қосылып, Иранның Бандар-Аббас және Чабаһар айлақтарын Ресейдің Мәскеу және Финляндияның Хельсинки қалаларымен байланыстыруда маңызды рөл атқара алады.

Иран мен Ресей қарым-қатынасы күн сайын дамып келеді. Амир Абдуллахианның Мәскеуге сапары және Ресей Сыртқы істер министрімен кездесуін де осы аяда бағалауға болады.