Канани: АҚШ халықаралық су жолдарына қауіп төндірмесін
(last modified Mon, 05 Sep 2022 14:24:11 GMT )
Қыр 05, 2022 20:24 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Iran Press тілшісінің сұрағына жауабында жуырда Қызыл теңізде "Джамаран" кемесінің АҚШ-тың бақылауындағы қайықтармен қақтығысына тоқталып: "АҚШ халықаралық су жолдарына қауіп төндірмеуге тырыссын",-деді.

Насер Канани Чафи америкалықтардың осы кемелердегі бейнекамералардың ұрланғаны туралы уəждеріне тоқталып: "АҚШ үкіметінің осыған қатысты кез келген уəжінен тыс Иран халықаралық суларда қызмет істей береді. Иран кемелері транзиттік жолдарда қатынауын жалғастырады",-деп мәлімдеді.

Канани Чафи: "Ешбір елге кеме қатынасы жолдарына қауіп төндіруге жол берілмейді",-деді.