Қыр 05, 2022 20:44 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран үкіметі мен халқына қарсы санкцияларды толық жою - "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған тараптар мен Иран арасында өтіп жатқан келіссөздердің басты мақсаттарының бірі",-деді.

Насер Канани Чафи дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Иранға қарсы зұлым санкцияларды жоюға арналған келіссөздер үдерісіне тоқталып: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен санкцияларды жоюға арналған келіссөздерде жауапты рөл атқаруы үшін осы салаға қатысты өз көзқарасын келіссөздерді үйлестірушіге қайта жеткізді. Енді қарсы тараптардың, əсіресе АҚШ-тың жауабын күтіп отырмыз",-деді.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы келіссөздерде басты бұйрық кепілдік алу екенін айтып: "Қандай келісім жасалса да, егер кепілдік болмаса, қайта бұзылуы ықтимал",-деді.

Ирандық дипломат  Украина дағдарысы мен еуропалықтардың энергетика саласындағы қиыншылықтарына тоқталып: "Венада келісімге келген жағдайда Иран Еуропа елдерін қуат көздерімен қамтамасыз етушілердің бірі бола алады",-деді.

Тегтер