Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдеріс жалғасуда
Он бес жылдан кейін нәсілшіл Израиль режимі ұшақтарының Түркияға ұшуы қайта басталды.
Израиль премьер-министрі Яир Лапид Ол осы режимнің министрлер кабинетінің жуырдағы отырысында Түркия мен сионистік режим арасындағы әуе қатынасы келісімінің бекітілгенін хабарлады. Осы келісімге сәйкес, бұдан былай басқыншы Құдс режимінің әуе компанияларының ұшақтары Стамбұл әуежайы мен Түркияның басқа қалаларына ұша алады. Израиль ұшақтары үшін ұшу шектеулерінің жойылуымен бір мезгілде басып алынған Палестина аумақтарындағы ивриттік ақпарат құралдары Жерорта теңізіндегі осы нәсілшіл режимнің жағалауында түрік фрегатының келіп тоқтағанын хабарлады. Сионистік режим газеттерінің жазуынша, түрік фрегаты АҚШ зымырандық кемесімен бірге басып алынған Палестина жерінің солтүстік-батысындағы Хайфа портына келіп тоқталды.
Түрік үкіметінің сионистік режиммен қарым-қатынасты қалпына келтіру мақсатындағы соңғы қадамдары осыдан бұрын бұл режимнің қайраткерлері Режеп Тайып Ердоған үкіметінен Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Анкарадағы кеңсесін жабуды сұраған жағдайда жасалуда.
Осыған байланысты Анкарадағы сионистік режимнің 60 жастағы қайраткері «Ирит Лилиан» түрік БАҚ өкілдерімен жуырдағы баспасөз мәслихатында: «Израиль Стамбұлдағы ХАМАС кеңсесінің қызметін жалғастыруды тараптар арасындағы қарым-қатынастардың алдында тұрған ең маңызды себеп деп санайды. Израиль Түркиядан Ыстамбұлдағы ХАМАС кеңсесін жабуымен бірге топ басшыларын Түркиядан шығаруын күтетіні күмәнсіз»,- деді.
Түркия үкіметінің жаңа қадамдарын Режеп Тайып Ердоған үкіметінің сионистік режимнің талаптарын қабылдауы деп бағалау керек. Анкара үкіметінің осы соңғы әрекеттеріне қатысты: «Түркия президенті іс жүзінде Палестинаның езілген халқының ісіне нақты соққы берді»,- деп айтуғп болады. Өткен жылдары Ердоған Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету ұранымен өзінің жеке және партиялық мүдделері үшін Түркия халқының, тіпті аймақ халықтарының қолдауынан пайда көруге тырысты. Сарапшылардың пікірінше, Израильдің Түркиямен қарым-қатынасты қалпына келтіруге алғы шарт қоюының басты себебі Түркия президентінің осы нәсілшіл режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге бағытталған асығыс әрекеттері болды.
Қорыта айтқанда, Түркияның Израиль режимімен қарым-қатынасын қалпына келтіру бұл елдің өсіп келе жатқан экономикалық мәселелерін азайтпайды. Билік партиясының бұл қозғалыстары және бұл қарым-қатынасты қалпына келтіру әрекеті Ердоғанның жеке басы мен билеуші партия үшін қосымша қиындықтар туғызады. Тенаның танымал базаларының жоғалуы осы проблемалардың бірі болып табылады.