Уругвай президентінің орынбасары Иран президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i6376-Уругвай_президентінің_орынбасары_Иран_президентімен_кездесті
ИИР президенті Латын Америкасы өңіріндегі елдермен қарым- қатынасты кеңейту мен тереңдетуді Иран ислам республикасының принципті саясаттарының қатарында атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 26, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • Уругвай президентінің орынбасары Иран президентімен кездесті

ИИР президенті Латын Америкасы өңіріндегі елдермен қарым- қатынасты кеңейту мен тереңдетуді Иран ислам республикасының принципті саясаттарының қатарында атады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Уругвай президентінің орынбасары Рауль Сендик Родригесті қабылдауында: «Теһран мен Монтевидео достық байланысты жан- жақты кеңейту үшін мықты талапқа ие, Үшінші ел осы байланысқа әсер ете алмайды» деді.

Рухани барлық елдердің лаңкестікпен және экстремистік ойларды таратумен күресу үшін ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қажеттілік деп атап: «Лаңкестік бүгінде бүкіл әлемде миллиондаған адамды босқындыққа ұшыратып , мыңдаған адамды құрбан етті. Осы сұм құбылыспен күресу үшін барша ынтымақтастық жасауы керек» деді.

Уругвай президентінің орынбасары да елінің Теһранмен екі жақ мүдделік танытатын барлық салаларда ынтымақтастықтар деңгейін кеңейтуді мақсат етіп отырғанын айтты.