Еуроодақ Украинаға тағы 5 млрд еуро көмек береді
https://itolqyn.com/news/world-i63794
Еуропа комиссиясы Украинаға тағы 5 млрд еуролық көмек беруді ұсынды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 08, 2022 13:22 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Украинаға тағы 5 млрд еуро көмек береді

Еуропа комиссиясы Украинаға тағы 5 млрд еуролық көмек беруді ұсынды.

Еуропа комиссиясы сәрсенбі күні кешке Украинаға тағы 5 млрд еуролық көмек беруді ұсынды. Бұл сома – Еуроодақ басшыларының биылғы жылдың бірінші жартысында келісіп, уәде еткен 9 млрд еуролық көмектің соңғы бөлігі.

Еуропа елдері, НАТО мен АҚШ соғысты жалғастыру үшін Украинаға қаржылай көмек беріп, әскери құрал-жабдықтар жіберіп жатыр.

Ал Al-Jazeera-ның хабарлауынша, Украина армиясының бас қолбасшысы жуырда: «Украина мен Ресей арасында соғыс басталғалы бері 9 мыңға жуық украин сарбазы қаза тапты»,-деді.