Түркия экономикасының құлдырауы түрік сарапшысы тұрғысынан
Түркияның саяси-құқықтық сарапшысы статистикалық мәліметтерге сүйеніп: "Түркия үкіметі өткен бірнеше жылда ауыр жеңілістерге ұшырады. Бұрынғы кезбен салыстырғанда кері шегініс болды",-деді.
Таха Акйол осы салада: "Режеп Тайып Ердоғанның үкіметі жуырда орта мерзімге арналған экономикалық реформалар бағдарламасын таныстырды. Оның мақсаты – экономикалық дағдарыстан өту. Бірақ бұл бағдарлама бәрінен бұрын бір мойындау хаты саналады, өйткені онда ел басқарып отырған "Әділет және даму" партиясының Түркияға қандай ауыр жеңілістер әкелгені нақты баяндалған",-деді.
Түрік сарапшысы: "Ердоған үкіметі мен жеке өзі экономикалық жеңілістер туралы ауызға алмайтыны былай тұрсын, 2023 жылға дейінгі бағдарлама мақсаттарының орындалып жатқаны туралы уәж айтады. Бірақ қарапайым есептің өзі 2023 жылға дейінгі мақсаттардың жартысы да орындалмағанын көрсетеді",-деді.
Түркия соңғы айларда бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарыстардың бірін бастан өткерді. Лирдің құны түсті, инфляция өсті, соның салдарынан кедейлік пен жұмыссыздық артты. Бай мен кедей арасы алшақтады. Үкімет дағдарысты ауыздықтауға қауқарсыз болып шықты. Осының барлығы Ердоған мен оның биліктегі партиясының танымалдығының төмендеуіне әкеліп соқтырды.