Қыр 10, 2022 02:09 Asia/Almaty

АҚШ-тың кейбір қалаларында америкалықтар сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы әрекеттерін сынап, митинг өткізді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың кейбір қалалары, соның ішінде Нью-Йорк пен Калифорниядағы шерушілер Amazon мен Google компанияларының қызметкерлерімен бірге сионистердің Палестинадағы әрекеттеріне наразылық ретінде осы екі компанияның сионистік режимге қызмет көрсетуін тоқтатуды талап етті.   

Amazon мен Google компаниялары «Нимбус жобасы» деп аталатын 1,2 млрд долларлық келісімшартта жасанды интеллект пен автоматты үйрену технологиялары және басқа да компьютерлік қызметтерді сионистік режим мен оның армиясына ұсынады деп жоспарлануда.

 

Тегтер