Иран Мәжілісінің төрағасы: Дұшпандар Йемендегі соғысты экономикалық соғысқа айналдырып жатыр
Қыр 11, 2022 16:09 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ансаролла қозғалысының баспасөз өкілімен кездесуінде: «Дұшпандар Йемендегі соғысты экономикалық соғысқа айналдырып жатыр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф Мұхаммед Абдуссаламмен кездесуінде: «Дұшпандар халықты қыспаққа алу үшін Йемендегі соғысты экономикалық соғысқа айналдырып жатыр. Қиыншылықтарды тек халықтың рухын нығайтып, сабыр мен табандылығын арттыру арқылы ғана шешуге болады»,-деді.
Мұхаммед Абдуссалам осы кездесуде: «Йемен өте ауыр жағдайда соғысты бастан өткеріп жатыр. Әрине осы жылдарда ИИР Йемен халқына қатысты қырағы позиция ұстанды»,-деді.
Тегтер