Раиси Өзбекстанға сапар шегеді
Иран Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға сапар шегеді.
Ибрахим Раиси осы аптаның сәрсенбі күні жоғары лауазымды саяси-экономикалық делегацияны бастап Өзбекстанға барады.
Ибрахим Раиси өзінің өзбек әріптесі Шавкат Мирзиеевтің ресми шақыруымен екіжақты кездесу және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 22-ші саммитіне қатысу үшін Самарқанд тарихи қаласына сапар шегеді.
Иран Президенті осы сапарда Өзбекстан Президенті тарапынан ресми түрде қарсы алынып, Шавкат Мирзиеевпен жеке кездесетін болады. Жоғары лауазымды тұлғалар екі ел басшыларының алдында бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қояды.
Раиси, сондай-ақ, бейсенбі және жұма күні Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысып, сөз сөйлеумен қоса, саммит аясында қатысушы елдер басшыларымен кездесіп, сұхбаттасатын болады.