Өзбек қайраткері Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы өте маңызды
(last modified Wed, 14 Sep 2022 09:59:14 GMT )
Қыр 14, 2022 15:59 Asia/Almaty
  • Өзбек қайраткері  Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы өте маңызды

Өзбекстан Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Иранның аймақтағы географиялық орналасуына тоқталып, бұл елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болуын өте маңызды деп атады.

 

Садық Сафаиев: «ШЫҰ - аймақтық даму ұйымы және аймақтағы ірі елдердің осы ұйымға мүше болуы қарастырылған бағдарламаларды жүзеге асыруда оң рөл атқарады. Иран маңызды және үлкен мемлекет. Бұл ел Орталық Азияны Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия, Кавказ және Еуропамен байланыстыратын жол айрығында орналасқан. Бұл оның географиялық орнының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді»,- деді.