Иравани: Сионистік режимнің Сирияға шабуылы – соғыс қылмысы
(last modified Thu, 15 Sep 2022 13:18:38 GMT )
Қыр 15, 2022 19:18 Asia/Almaty

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сәрсенбі күні сионистік режимнің Сирияға шабуылын айыптап: "Бұл шабуылдар – соғыс қылмысы",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия туралы отырысында сионистік режимнің Сирияның инфрақұрылымдарына соңғы шабуылдары, соның ішінде 31 тамызда Алеппо халықаралық әуежайына шабуыл жасағанына тоқталып: "Бұл шабуылдар халықаралық заңдар мен БҰҰ жарғысын ашық түрде бұзу болып саналады",-деді.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бұл шабуылдарды Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен сионистік режимді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған қылмыстарға жауап беруге көндіруді сұрады.

Тегтер