Қыр 16, 2022 13:40 Asia/Almaty
  • Раиси Қытай Төрағасымен кездесті

Иран мен Қытай басшылары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының отырысы (ШЫҰ) аясында кездесті.

Өзбекстандық әріптесінің ресми шақыруымен Самарқандқа барған ИИР Президенті Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Өзбекстанға үш күндік сапарын бастады және Теһран мен Ташкент арасындағы екіжақты кездесулердің бірінші күні 17 ынтымақтастық  құжатқа қол қойылды. Иранның Шанхай ұйымына мүшелік құжаттарына да бірінші күні Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан  қол қойды.

Сапарының екінші күні Раиси Ресей, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан президенттерімен және ШЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесіп, пкір алмасып, көршілес және аймақтық қарым-қатынастарды дамытуды Ислам республикасының негізгі саясаты атады. ШЫҰ саммиті аясында Иран Президенті Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, әртүрлі мәселелерді талқылады.

ИИР Президенті бірнеше кездесулерден кейін Ташкенттен бүгін, жұма Теһранға оралады.   

 

Тегтер