Қыр 17, 2022 14:30 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Имам Хұсейн (ғ.) шекараларды жойды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Имам Хұсейн (ғ.) шекаралар мен айырмашылықтардың мәнін жойды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың бәрін махаббат шатыры мен жанашырлық кесенесіне жинады»,-деді.

Насер Канани Чафи жұма күні Инстаграмдағы жеке парақшасында: «Онда тіл шекарасы да, нәсіл мен түс, мазхаб пен дін шекарасы да жоқ. Ешбір шекара мен айырмашылық жоқ. Хұсейн баршаға ортақ. Оның ісі барша адамның таңданысын тудырып, ізетпен тағзым етуіне себеп болып отыр»,-деп жазды.

Канани Чафи: «Хұсейн – Алланың нұры. Алланың нұры баршаға бірдей түседі. Батыс пен Шығыс деп бөлмейді»,-деп жазды.

 

Тегтер