Раиси: Аймақ елдерімен барынша серіктесіп, байланыс орнату – Иран сыртқы саясатының басты бағыты
ИИР Президенті аймақ елдері, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен барынша серіктесіп, байланыс орнату, аймақтық және халықаралық құрылымдарда әсерлі рөл атқаруды Иран сыртқы саясатының басты бағыты деп атады.
Ибраһим Раиси жұма күні Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 22-ші саммитінде: «Иранның ШЫҰ жұмыстарына белсенді де әсерлі қатысуының арқасында осы елдің мүше болып қабылдануы аталмыш ұйым тарихында маңызды өзгерістердің бірі деп тіркелетін болады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси: «Иранның ШЫҰ мен БРИКС сынды маңызды құрылымдарға көңіл аударуы бұл елдің серіктестікке негізделген әділетті халықаралық жүйе құруға бағытталған талпыныстарға қатысуға күш салып жатқанын көрсетеді»,-деді.
ИИР Президенті: «Бұл қатынас ИИР-дің ауқымды әлеуетімен бірге ШЫҰ-ның келешек қозғалысын жеңілдетіп, жылдамдатады»,-деді.
Раиси: «АҚШ үкіметі халықаралық жүйеге және тәуелсіз елдерге өзінің талап-тілектері мен ішкі заңын зорлықпен таңып, «мәжбүрлеу» тетігін ауқымды пайдалануды күн тәртібіне қойып отыр. АҚШ-тың біржақтылығы елдерді тәуелсіз даму жолынан қалдыруды көздейтіні анық»,-деді.