Раиси: Иран мен Қазақстан арасында қол қойылған келісімдерді орындауға ниеттіміз
(last modified Sat, 17 Sep 2022 13:57:54 GMT )
Қыр 17, 2022 19:57 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Қазақстан арасында қол қойылған келісімдерді орындауға ниеттіміз

Иран Президенті Қазақстан Президентінің Теһранға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға ниетті екенін айтып: "Теһран мен Астана қарым-қатынасы аймақтық және халықаралық келісімдерге ұласады",-деп үміт білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жұма күні түстен кейін Өзбекстанға сапарының үшінші күнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, оның Теһранға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға ниетті екенін айтып, Теһран мен Астана қарым-қатынасының аймақтық және халықаралық келісімдерге ұласатынына үміт білдірді.  

Қазақстан Президенті де осы кездесуде өзінің Иранға сапарын сәтті деп бағалап, Қазақстан-Түркіменстан-Иран дәлізін тезірек іске қосу және үш ел арасында кеден және тасымал тарифтерін бірыңғайландырудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ирандық саудагерлердің Қазақстанға қатынауына жағдай жеңілдетілгенін айтып: "Логистика мен тасымал мүмкіндіктерін арттыруға талпынуымыз керек",-деп еске салды.

Ол CICA-ның келесі саммиты Қазақстанда өтетінін айтып, Ибрахим Раисиді Қазақстанға сапармен келіп, саммитке қатысуға шақырды.