Раиси ертең Нью-Йоркке барады
Қыр 18, 2022 16:26 Asia/Almaty
ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші отырысына қатысу үшін ертең, дүйсенбі күні Нью-Йоркке сапар шегеді.
Ибрахим Раиси ертең, дүйсенбі күні таңертең БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші отырысына қатысу үшін және Иран халқының мүдделерін қорғап, "Экономикалық көпқырлылық арқылы әділетті халықаралық жүйе" құруға талпыну мақсатында Нью-Йоркке сапар шегеді.
ИИР Президенті осы сапарда БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйлеумен қоса, қатысушы мемлекеттердің бірқатар басшысымен кездесіп, сұхбаттасады. Басқа да екіжақты кездесулер жоспарланған.
Тегтер