ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: Нью-Йоркте санкцияларды жою туралы келіссөз өтуі мүмкін
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Нью-Йоркте санкцияларды жою туралы келіссөз өту ықтималын хабарлады.
Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Иран Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке баратынына және санкцияларды жою туралы келіссөз өту ықтималы зор екенін айтып: "ИИР екіжақты және халықаралық мәселелерге қатысты өз көзқарасын баяндау үшін кез келген мұрсатты пайдаланады",-деді.
Насер Канани Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыстар туралы: "Иранның көршілестік саясатында Тәжікстан мен Қырғызстанның маңызы зор. ИИР көршілестік және аймақтық саясат, екі елмен жақсы қарым-қатынас негізінде қос тарап текетіресті азайтып, тыныштық орнатуды қаласа, екіжақты диалог өткізуге көмектесуге дайын",-деді.
Ол Ауғанстанда Талибанның ұлттық қарсыласу қозғалысына тиесілі соғыс тұтқындарын атып тастағанына тоқталып: "Ауғанның ауғанмен қақтығысын тоқтатып, біртұтас әрі инклюзивті үкімет құруға тиісті саяси жағдай жасау – Иранның ұстанымы",-деді.