Раиси: Діндер арасындағы қақтығыс атеизмнің таралуына әкеледі
(last modified Wed, 21 Sep 2022 09:37:46 GMT )
Қыр 21, 2022 15:37 Asia/Almaty
  • Раиси: Діндер арасындағы қақтығыс атеизмнің таралуына әкеледі

ИИР Президенті илаһи діндер арасындағы қақтығысты діндердің тозуы мен қоғамдарда атеизмнің таралуының себебі деді.

 

Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси  жергілікті уақытпен сейсенбі күні илаһи діндердің жетекшілерімен кездесуінде барлық илаһи діндерді ұстанушылардың ортақ нүктесі  Аллаға құлшылық ету екеніне тоқталып: «Түрлі дінді ұстанатындардың пікірін бір-біріне жақындату үшін,   қақтығыс  пен бетпе-бет келудің орнына діндері арасында интеллектуалды диалогты ұсыну қажет»,- деп мәлімдеді. Раиси сонымен қатар үлкен және ерекше имам Хұсейн (ғ.с.) Арбағин  шеруінің өткізілуіне назар аудартып: «Бұл шеру зұлымдыққа қарсы тұрудың белгісі.  Бұл шеру адамзатқа  егер зұлымдық алдында үнсіз қалсақ, жемқорлық пен зұлымдық бүкіл қоғамды қамтитынын көрсетті»,- деп баса айтты.