Иранның экономика саласының белсенділері Армениямен ынтымақтастық жасауға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i6415-Иранның_экономика_саласының_белсенділері_Армениямен_ынтымақтастық_жасауға_дайын
Иран ислам республикасының Әділет министрі ирандық инвесторлар мен экономика саласының белсенділері және үкімет басшыларының Арменияның экономика бөлімдерімен ынтымақтастық жасау үшін жақсы түрткіге ие екендіктерін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 27, 2016 21:04 Asia/Almaty
  • Иранның экономика саласының белсенділері Армениямен ынтымақтастық жасауға дайын

Иран ислам республикасының Әділет министрі ирандық инвесторлар мен экономика саласының белсенділері және үкімет басшыларының Арменияның экономика бөлімдерімен ынтымақтастық жасау үшін жақсы түрткіге ие екендіктерін мәлімдеді.

Иранның Әділет министрі Мұстафа Пурмұхаммади Теһрандағы Армения елшісі Арташес Туманиянды қабылдауында: "Екі елдің байланысын кеңейту Иран мен Армения елшілері мен өкілдерінің еңбегін қажет етеді" деді.

Иранның Әділет министрі Иранның Қарабақ қақтығыстарын доғару үшін шынайы талпыныс жасап жатқанын айтып: "Иран ислам республикасы жауласушы тараптарға тыныштық орнатуға көмектесті" деді.