Қаз 01, 2022 21:52 Asia/Almaty

30 қыркүйек, жұма күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның 4 аймағының басшыларының қатысуымен өткен салтанатты шарада бұл аймақтарды Ресей аумағына қосу туралы құжатқа қол қойды.

 

Бұл шарада Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының тұрғындарының нақты таңдау жасағанына назар аудартқан Путин Киевтің осы аймақтар халқының таңдауына құрметпен қарауы керектігіне тоқталып: «Тек осылай ғана бейбітшілікке қол жеткізуге болады. Біз Киев режимінен соғысты дереу тоқтатып, келіссөз үстеліне оралуын сұраймыз. Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын»,- деді. Басқа жағынан, Украина президенті Владимир Зеленский 4 аймақтың Ресейге қосылуына реакция білдіріп: «Владимир Путин Ресей президенті болғанша Киев бұл елмен келіссөз жүргізбейді»,- деді. Украинаның төрт аймағының Ресейге ресми қосылуы сегізінші айға аяқ басқан Украинадағы соғыс үдерісіндегі маңызды бетбұрыс болып саналады. Ресей Украина аумағына 2022 жылдың ақпан айының соңында өзін тәуелсіз деп мойындаған Донецк және Луганск республикаларына қолдау көрсету үшін арнайы әскери операция түрінде кіргенімен,   соғыстың жалғасуымен және жағдай өзгерген сайын оның барысы мен Мәскеудің мақсаттары біртіндеп өзгерді. Ресейліктер өз операцияларын Украинаның оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстігінде бастады, бірақ солтүстік майдандағы сәтсіздіктен кейін олар шығыс және оңтүстік-шығыс майдандарға шоғырландырды.  Соғыстың жалғасында Украинаның 4 облысының үлкен бөлігін басып алып, жақында бұл аймақтарды Ресейге қосу үшін референдум өткізу мәселесін көтерді. Жарлыққа қол қою арқылы Путин Херсон мен Запорожьенің тәуелсіздігін екі тәуелсіз ел ретінде мойындады, осылайша бұл аймақтарды референдумнан кейін Ресейге қосуға құқықтық мәселелер туындамайды.

Айта кететін жәйт, бұл АҚШ бастаған Батыстың Ресейдің Украинадағы мақсатына жетуіне кедергі жасаудағы үлкен сәтсіздігі. Батыстықтар Украина үкіметіне 25 миллиард доллардан астам қаржыға жер, әуе, зымыран, артиллерия, сауыт-сайман, ұшқышсыз ұшақтар және әртүрлі логистикалық заттар берді. АҚШ пен НАТО-ның украиндықтар осы қарудың көмегімен соғыстың бағытын өзгерте алады және Мәскеуді Украинадан кейін шегінуге мәжбүрлей алады деген үмітте болды.

 

Тегтер