Қаз 02, 2022 16:22 Asia/Almaty
  • Лондонда мұсылмандар жиналып, бүлікшілердің әрекетін айыптады

Ислам революциясын жақтайтын түрлі ұлт пен әлеуметтік топтан шыққан мұсылмандар исламдық құндылықтарға шабуыл жасаған бүлікшілердің әрекетін айыптады.

Соңғы күндері бүлікшілердің хиджаб киген әйелдерге тиісіп, мұсылмандарды ұрып-соғып, исламдық құндылықтарға құрметсіздік көрсеткеніне наразылық ретінде түрлі ұлт пен әлеуметтік топтан шыққан мұсылмандар сенбі күні Лондондағы Ұлыбританияның исламдық орталығының алдына жиналды.

Революцияға қарсы адамдар мен патшалықты қалайтын сепаратист топтар жуырда Лондонда Арбағин аза тұту рәсіміне қатысушыларға шабуыл жасап, хиджаб киген әйелдер мен исламдық құндылықтарға құрметсіздік көрсетті.

Түрлі ұлттан шыққан мұсылман шерушілер Лондондағы Ұлыбританияның исламдық орталығы алдында бүлікшілердің әрекетін айыптап, кеуде соғып, араб және ағылшын тілінде аза тұтты.

Мұсылмандар осы жиында Ашура мен имам Хұсейннің (ғ.) байрақтарын ұстап шығып, «Ләббайк, я Хұсейн» деп ұрандатты.   

Тегтер