Екі француз тыңшысы Иранда тəртіпсіздік тудыруға талпынғанын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i64550
Ақпарат құралдары екі француз тыңшысы ұсталып, олардың Иранда тəртіпсіздік тудыруға жағдай жасағанын мойындағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2022 16:28 Asia/Almaty

Ақпарат құралдары екі француз тыңшысы ұсталып, олардың Иранда тəртіпсіздік тудыруға жағдай жасағанын мойындағанын хабарлады.

Махса Аминидің қазасын сылтауратып соңғы күндері бүлікшілер антиреволюциялық медиа құралдардың арандатуымен Иранның кейбір қалаларында көшеге шығып, қоғамдық мүлікті қиратты.

Iran Press ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауынша, Иранға турист ретінде келген екі француз тыңшы Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы əрекеттер жасағанын мойындады.

Францияның сыртқы барлау қызметінде істейтін бұл жұп ИИР жүйесіне соққы жасау үшін тынышсыздық тудыруға талпынғанын мойындады.