Мохбер: Санкциялар Теһран мен Мəскеу əріптестігіне тосқауыл бола алмайды
Иран Вице-президенті мен Ресей Премьер-министрі Теһран-Мəскеу əріптестігін дамыту үдерісін жылдамдатып, сауда-экономикалық қатынасты кеңейту жолындағы кедергілерді жою керегін атап өтті.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер бейсенбі күні Каспий экономикалық форумы аясында Иран мен Ресейдің жоғары мəртебелі делегацияларының ортақ отырысында: "Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы даму үстінде. Екі ел өзара байланысты жан-жақты нығайтуды қалайды",-деді.
Иран Вице-президенті тасымал, транзит, энергетика жəне Солтүстік-Оңтүстік дəлізін жандандыруды Иран-Ресей əріптестігінің ең маңызды тақырыптарының бірі деп атап: "Ортақ банк ашу, Гармсар-Инчебурун темір жол желісін электрлендіру, мұнай мен газ келісімшарттарын орындауды жылдамдату жəне ортақ еркін аймақ құру - байсалды түрде қадағалауды қажет ететін əріптестік салалары",-деді.
Ресей Премьер-министрі де екі ел қарым-қатынасын дамытуды өздеріне қарсы салынған заңсыз санкцияларға ең жақсы жауап деп атап: "Ирандық компаниялардың Ресейде жұмыс істеуін қолдаймыз. Ресейде Мəскеудің серіктестері үшін ортақ əріптестікке жағдай жасалған",-деді.