Мохбер: Санкциялар Теһран мен Мəскеу əріптестігіне тосқауыл бола алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i64554-Мохбер_Санкциялар_Теһран_мен_Мəскеу_əріптестігіне_тосқауыл_бола_алмайды
Иран Вице-президенті мен Ресей Премьер-министрі Теһран-Мəскеу əріптестігін дамыту үдерісін жылдамдатып, сауда-экономикалық қатынасты кеңейту жолындағы кедергілерді жою керегін атап өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 07, 2022 17:42 Asia/Almaty
  • Мохбер: Санкциялар Теһран мен Мəскеу əріптестігіне тосқауыл бола алмайды

Иран Вице-президенті мен Ресей Премьер-министрі Теһран-Мəскеу əріптестігін дамыту үдерісін жылдамдатып, сауда-экономикалық қатынасты кеңейту жолындағы кедергілерді жою керегін атап өтті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер бейсенбі күні Каспий экономикалық форумы аясында Иран мен Ресейдің жоғары мəртебелі делегацияларының ортақ отырысында: "Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы даму үстінде. Екі ел өзара байланысты жан-жақты нығайтуды қалайды",-деді.

Иран Вице-президенті тасымал, транзит, энергетика жəне Солтүстік-Оңтүстік дəлізін жандандыруды Иран-Ресей əріптестігінің ең маңызды тақырыптарының бірі деп атап: "Ортақ банк ашу, Гармсар-Инчебурун темір жол желісін электрлендіру, мұнай мен газ келісімшарттарын орындауды жылдамдату жəне ортақ еркін аймақ құру - байсалды түрде қадағалауды қажет ететін əріптестік салалары",-деді.

Ресей Премьер-министрі де екі ел қарым-қатынасын дамытуды өздеріне қарсы салынған заңсыз санкцияларға ең жақсы жауап деп атап: "Ирандық компаниялардың Ресейде жұмыс істеуін қолдаймыз. Ресейде Мəскеудің серіктестері үшін ортақ əріптестікке жағдай жасалған",-деді.