Қаз 13, 2022 19:58 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының мүшелері Ислам революциясының негізін қалаушыға құрмет көрсетті

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының мүшелері және ислам әлемінің үлемдері мен ойшылдары 36-шы «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясында хазірет имам Хомейнидің (р.) биік орнына құрмет көрсетті.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының мүшелері Ислам революциясының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) биік орнына құрмет көрсетті. Ислам әлемінің үлемдері мен ойшылдары имам Хомейниді (р.) осы ассамблеяның негізін қалаушы деп таныстырып, оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар диалогының бастамасы деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 36-шы «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясы Иран Президенті Ибраһим Раисидің сөз сөйлеуімен сәрсенбі күні Теһранда басталды.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы жыл сайын Бірлік апталығымен бір мезгілде 12-17 рабиуләууал аралығында ислам әлемінің айтулы тұлғаларының қатысуымен өтеді.

Тегтер