Раиси: Қазіргі әлем аймақтық механизмдердің бұрыннан да әсерлі рөл ойнауын қажет етеді
Иран Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінде: «Қазіргі әлем аймақтық механизмдердің бұрыннан да әсерлі рөл ойнауын қажет етеді»,-деді.
Иран Президенті кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінде сөз сөйлеп: «Халықаралық жүйеде өзгерістер мен ықпалдасу үдерісі айрықша кезеңге жетті. Күш-қуатты қайта бөлуде үстемшілдік қабылданбайды. Тәуелсіз елдердің дауысы мен рөлі көбірек естіліп, байқалып жатыр»,-деді.
Раиси: «ИИР терең әрі бай мәдениет пен өркениетке ие бола отырып, өзінің сыртқы саясатын илаһи-адами ұғымдар – әділет, руханият, рационализм, ақлақ, азаттық пен тәуелсіздік негізінде құрды. Бұлар халықтардың әл-ауқаты мен абырой-айбынын кепілдендіреді»,-деді.
Иран Президенті: «Лаңкестік пен экстремизге қарсы сәтті күресу, Ауғанстанның босқындарына тұрақты көмек беру, Палестина мен Йеменнің жапа шеккен халықтарын қорғау және елдердің, соның ішінде Ирак пен Сирияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау, біржақтылық пен үстемшілдіктің кез келген түріне қарсы тұру және қысылтаяң күндерде көршілес елдерге көмектесу – Иранның айбынды жолы әрі әрдайымғы стратегиясы»,-деді.
Раиси: «Азиядағы интеграция мен қауіпсіздік үстемшіл елдердің мүддесіне сай келмейді»,-деп еске салды.
Иран Президенті: «Тәуелсіздік пен даму жолын таңдаған Иран халқы зорлықшылдардың қарсылығына ұшырады»,-деді.
Раиси: «Иран халқы АҚШ-тың әскери таңдау жолын еш етті. Өздері мойындағандай, санкция мен барынша қысым саясаты масқара жеңіліске ұшырады»,-деді.
Иран Президенті: «АҚШ пен сионистік режим ондаған жыл бойы Палестина, Сирия, Ирак, Йемен мен Ауғанстанда басқыншылық, апартеид, балалар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы аймақта тынышсыздық, қатыгездік, лаңкестік, соғыс пен толқулардың туындауына себеп болды. Бірақ басқыншылықты тоқтатып, халықтардың өз тағдырын өзі анықтау құқығын қабылдаудан басқа жол жоқ»,-деді.