Астана мәлімдемесінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі халықаралық ұйым деп бекітілді
(last modified 2022-10-13T16:57:18+00:00 )
Қаз 13, 2022 22:57 Asia/Almaty
  • Астана мәлімдемесінде  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі  халықаралық ұйым деп бекітілді

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінде жасалған Астана мәлімдемесінде CICA халықаралық ұйымға айналды деп мәлімденді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдер басшыларының қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласында әріптестік жасау туралы сөздерінің алғынұсқасы осы саммит барысында бекітілген құжат болып саналады.    

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдер басшылары сондай-ақ бұл ұйымның жобаларын  анықтау және орындаудың арнайы механизмі ретінде осы кеңеске қатысты қор құру туралы құжатты бекітті.

Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы қарарын орындауға бағытталған іс-шаралар бағдарламасы бүгінгі саммитте бекітілген құжаттардың қатарына жатады.  

Тегтер