CICA саммиты аясында Раиси мен Әлиев кездесті
ИИР Президенті Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиты аясында Әзірбайжан Президентімен кездесіп, сөйлесті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси мен Ильхам Әлиев бейсенбі күні Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиты аясында кездесіп, сөйлесті.
ИИР Президентінің кеңсесі басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Джамшиди осы кездесудің егжей-тегжейі туралы: «Раиси Әлиевпен келіссөзде аймақтағы тарихи шекараларда және Иран мен Армения арасындағы транзиттік жолдарда қандай да бір өзгеріс болуын қабылдамайтынын, Иран тарапынан бұған кесімді жауап берілетінін айтып, Еуропа күштерінің кез келген қалыпта аймақта болуына қарсылық білдірді»,-деді.