Иран Кавказ аймағында бөгде күштердің орналасуына қарсы
(last modified Sun, 16 Oct 2022 11:45:53 GMT )
Қаз 16, 2022 17:45 Asia/Almaty
  • Иран Кавказ аймағында бөгде күштердің орналасуына қарсы

Иран Сыртқы істер министрі өзінің әзірбайжан әріптесімен телефон арқылы сұхбатында Кавказда бөгде күштердің болуын аймақтық елдердің ортақ алаңдаушылығы деп атап, Иранның шетелдік күштерді аймаққа орналастыруға қарсы екенін айтты.

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Иран мен Әзірбайжан қарым-қатынасының тереңдігіне тоқталып, Астанада өткен CICA-ға мүше елдер басшыларының саммиті аясында екі ел басшыларының соңғы кездесуін маңызды деп атады.  

Ол Кавказ аймағындағы соңғы өзгерістерге тоқталып, елдердің, соның ішінде Әзірбайжан мен Арменияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауды қолдайтынын айтып, бұл қатынасты ИИР-дың тұрақты саясаты деп мәлімдеді.  

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов та осы сұхбатта екі ел қатынасын маңызды деп атады.

Ол аймақта бөгде күштердің болуына қарсылық білдіріп, ИИР-дың осыған қатысты ұстанымын қолдады.